АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ЖОЛЫ» – РУХАНИЯТ ЖОЛЫ» ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 15.03.2017 16:25


DSC_0016 Абай мұражайы мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті арасындағы өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында жаңа форматтағы көрмелер мен ғылыми жобаларды іске асыру көзделген. Осы мақсатты іске асыру барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Наурыз мерекесіне орай 2017 жылдың 15 наурызында әйгілі суретші, зергер Сержан Бәшіровтің «Абай жолы» – руханият жолы» этнографиялықжеке көрмесі ашылды.

   Көрменің негізгі мақсаты - келешек ұрпаққа қазақ халқының зергерлік өнерінің тарихы мен салт-дәстүрін таныстыру.

  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген суретші СержанDSC_0035 Мұратұлы Бәшіров Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, металды көркем еңдеу маманы атанды.

   Ол - этноавангард стиліндегі зергерлік бұйымдардың авторы. Жұмыстарында күміс, сүйек, маржан, көгілдір ақықты, ал инсталляциялар үшін ағаш, киіз, металды пайдаланады; түрлі техникаларды араластыра қолданады, түрлі стильдер мен мотивтерді үйлестіреді. «Керулен», «Пайцза», DSC_0011«Үш белгі» және т.б. инсталляциялардың авторы. Көптеген халықаралық, республикалық көрмелер мен байқауларға қатысып, жеке көрмелерін ұйымдастырған.

   С.Бәшіров этнографиялық бұйымдарды жинақтап, қайта қалпына келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көрермендер назарына ұсынады.

Елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді жоғары бағалайтын суретші туған топырағында өткізіп отырған жеке көрмесін өткенін қастерлеп, болашағын бағамдай білетін ұрпаққа арнайды.         

  Көрмені Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессорDSC_0017 А.Еспенбетов пен музей директоры Б.Жүнісбеков алғы сөзімен ашылды.

     Зергер С.Бәшіров туған жерге, елге деген сағынышын білдіре отырып, көрмесін ұйымдастыруға ұйытқы болған екі ұжымға алғысын айтты.

   Жаңа форматтағы аудио-видео құралдарын пайдалану арқылы «Абай жолы» романынан үзінділер келтіре отырып таныстырып, көрмеге қойылған әрбір экспонаттың мәні мен маңыздылығын аша түсті.

IMG_3283     IMG_3327         

     Көрмеге ел арасынан жинаған көненің көзіндей болған сандық, кебеже түрлері, тұскиіз, алаша, оларды тоқуға арналған құрал-саймандар, ер адамдардың белбеулері, ат әбзелдері қойылды. Көгілдір көктемде қазақ қыздарының әдемілігі мен сұлулығын көрсететін (айшықты, сүмбіле, шашақты) сырға, жүзік, білезік, шашбау, өңіржиек түрлерін көрермендерді қызықтырды.

               сандык          Есик555555

   Сонымен қатар Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері Абай әндері мен өлеңдерінен шашу шашты.

            Көрмеге келген Семей қаласының мәдени ошақтары мен зиялы қауым өкілдері, студенттері зергер коллекциясын қызыға тамашалады.