АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ЖОЛЫ» – М.ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНДА 16.03.2018 15:33

yyitgUwu150Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Абай жолы» Алашты паш еткен әлемге» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: М.Әуезовтің асыл мұраларын жан-жақты насихаттау, ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолын, қызметін, абайтануға қосқан үлесі жайлы кеңінен мағлұмат беру, театр мен музей арасындағы шығармашылық әріптестікті дамыту.9wUa1jdM1zw

М.Әуезов өзінің атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы хәкім Абай жасаған дәуірді, оның шыққан ортасын, ақын, азамат болып қалыптасуын, сол кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-тілектерін, мақсат-мүдделерін, күрес-тартыстарын, шығармашылығын түгел танытты.

tUmF08Y4lJ4Көрермендер «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі», «Абай жолы» – руханият жолы», «Дәуірдің дара саңлағы», «Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы», «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» және тағы басқа тақырыптар бойынша көрмені тамашалады.