name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ЖОЛЫ» – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА 13.06.2017 11:46

  IMG-20170620-WA0017Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында ғұлама жазушы, драматург, абайтанудың негізін қалаушы, қоғам қайраткері,IMG-20170620-WA0012 қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы» Алашты паш еткен әлемге» атты көрме ұйымдастырды.

  Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев: «Абай жолы» романын «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», - деп атап көрсеткен. Жазушы осы төрт кітапта қазақ халқының фольклорын, шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен байланысын, саялы жерлерін, ғылым мен білімге деген бетбұрысты, тәрбие, педагогика, IMG-20170620-WA0015психология, философия әфсанасын паш етеді.

  Жылжымалы көрменің негізгі мақсаты: М.Әуезовтің асыл мұраларын көпшілікке насихаттау, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолын, қызметін, абайтануға қосқан орасан үлесі жайлы кеңінен мағлұмат беру. Кітапхана менIMG-20170613-WA0003 мұражай арасындағы шығармашылық әріптестікті дамыту болып табылады.

  Сонымен қатар, шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің атынан Ұлттық кітапханаға Абайдың төрт тілде жарыққа шыққан жыр жинақтары табысталды.