АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ЖОЛЫ» – АЛМАТЫДА 15.05.2017 11:03

IMG-20170515-WA0004Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-де ғұлама жазушы, драматург, абайтанудың негізін қалаушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы» Алашты паш еткен әлемге» атты көрме ұйымдастырды.

М.Әуезов өзінің атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы Абай жасаған дәуірді, оның шыққан ортасын, ақын, азамат болып қалыптасуын, сол кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-тілектерін, мақсат-IMG-20170515-WA0017мүдделерін, күрес-тартыстарын, шығармашылығын түгел танытты.

Ұлылықтың үлгісін пайымдаған, ұзақ жылдарға созылған терең ізденістің арқасында қат-қабат шырғалаңдардан адаспай тура жол тауып, ұлы мақсаттан ауытқымаған зор шығармашылық қажыр-қайраттың нәтижесінде дүниеге келген төрт томдық эпопея дүние жүзі әдебиетінің көркін асырып, кемел төрінен орын алды.

Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев: «Абай жолы» романын «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», - деп атап көрсеткен. Жазушы осы төрт кітапта қазақ халқының фольклорын, шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен байланысын, саялы жерлерін, ғылым мен білімге деген бетбұрысты, тәрбие, педагогика, психология, философия әфсанасын паш етеді.

IMG-20170515-WA0006Көрме Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры М.Ермағамбетов пен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбековтің құттықтау сөздерімен ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына ғұлама ғалымның ұлы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қатысып, ұлылар туралы ой өрбітті. Абай, Шәкәрім, Мұхтар туралы сүбелі сөз сөйлеп, көрермендерге Шыңғыстау шежіресінің ашылмаған қырларын баяндады.

Сонымен қатар, шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков ҚазҰПУ ұжымына және Мұрат Әуезовке Абайдың төрт тілдегіIMG-20170515-WA0003 өлеңдер  жинағын сыйға тарты.  

Көрермендер «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі», «Абай жолы» - руханият жолы», «Дәуірдің дара саңлағы», «Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы», «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», «Ұлы дала мәдениетінің жаршысы» және тағы басқа тақырыптар бойынша көрмені тамашалады.

Көрмеге зиялы қауым, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер қатысты.