АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ЖӘНЕ ҰЛТ ҰЛАҒАТЫ 18.03.2017 16:17

  DSC_0005Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мейрамына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Көрменің мақсаты – өскелең ұрпақтың халықтың өткен тарихына, дәстүрі мен салт-санасына деген қызығушылығын арттыру.

  Музей кітапханасының қорында қазақ халқының мәдени мұрасына арналған А.Құнанбаев, Ш.Кұдайбердиев, М.Көпеев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың еңбектері жинақталған. Олардың еңбектерінде Наурыз мейрамының тарихы, мәні, қазақы салт-дәстүр жайы жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар қорда қазақтың беташар, тұсау кесу, шілдехана, қыз қуу және өзге де салт-дәстүріне арналған кітаптар бар. Бұл еңбектер қазақ халқының мәдениетін, дүниетанымын түсінуге, танып-білуге мүмкіндік береді.

  Көрмеге қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы көрнекі мағлұмат беретін альбомдар қойылды.