АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТКІЗІЛДІ 24.08.2018 08:55

DSC_0033   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінде қазақ әдебиетінің қайнар бұлағы, барша адамзат баласына сәуле шашқан дархандықтың шырағы, Алаштың алып ақыны, даңғайыр даламыздың кемеңгері, адамзаттың Абайы – хәкім Абайдың туғанына 173 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті.DSC_0050

   Өткен жылдары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен абайтануға, Абайдың айналасына қатысты көптеген кітаптар жарық көрді. Хәкім Абайдың туған күнін мерекелеу аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорында сақталған қолжазбалар мен естеліктердің негізінде жарық көрген «Абай туралы естеліктер» мен «Ата-анаға көз қуаныш» кітапDSC_0013тарының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

   Шара барысында республикамызға танымал Амангелді Жікенов және Баян Сағымбаева сынды өнер жұлдыздары ән шырқап, таңдай қақтырды.

Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің Құндыздыдағы халық ақыны Шәкір Әбенұлы музей-үйінің жетекшісі Сана Шәкірқызына DSC_0066«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

   Салтанатты шараға қатысқан мәдениет және өнер саласының қайраткерлері және абайтанушылар мен әдебиеттанушыларға данышпан ақынның туған күніне орай тұсауы кесіліп отырған «Абай туралы естеліктер» кітабы, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай арнайы жарық көрген «Абай музейінің хабаршысы» журналы сыйға тартылды.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі