name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МОНҒОЛ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ 13.10.2016 16:55

  Абай монгол тлндеАбайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қоры Ұлы ақынның монғол тіліне аударылған шығармалар жинағымен толықты.

  Семейдегі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры, ф.ғ.к., Шаған Алдамжарқызы Жанаева Монғолиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен шыққан Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағын Абай мұражайының қорына табыстады.

  Абай есімі - қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы болып табылса, коршілес туысқан халықтардың да Абайға көрсетіп жатқан бұл ерекше ілтипаты, құрметі екі ел арасындағы достық, ынтымақтастықтың белгісі. Баға жетпес Абай мұралары бүкіл әлем кеңістігінде әлі де жарық көріп өз орнын табады және таба бермек.