name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ШАҢЫРАҚТАРЫ ШАҚЫРАДЫ!» МЕРЕКЕСІ 24.08.2016 15:12

DSC_0014  Семей қаласындағы ақын есімін еншілеген шаңырақтар бас қосып, семейліктер мен қала қонақтары үшін 2016 жылдың 23 тамызы күнікиелі қара шаңырақ – Абай мұражайында қазақтың ұлы ойшыл ақыны, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілініңDSC_0019 негізін салушы, қазақ мәдениетін әлемдік өркениетке бастаушы, келешек ұрпағына өлшеусіз мол қазына қалдырған данышпан, ғаламдық тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 171 жыл толуына арналған «Абай шаңырақтары шақырады!» атты арнайы бағдарлама әзірлеп, дүбірлі мереке өткізді.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған шараның басы шаһардың рухани алаңында Абай ескерткішіне гүл шоқторын қоюдан басталды. Абай алаңына жиналған көпшілік қауым ақын рухына тағзым етті.

DSC_0032  Шараға Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков, Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, Ішкі саясат бөлімініңDSC_0130 басшысы А.Садырбаев, Халықаралық Абай қорының президенті О.Кәрібжанов, Республикалық «Абай» журналының редакторы М.Оспанов, зиялы қауым өкілдері және Мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

  «Абай шаңырақтары шақырады!» мерекелік бағдарлама аясында Абай қорық-мұражайының «Ұлы дала елінің ұлы ақыны» көрмесі өз көрермендерін Абай кітапханасында қарсы алды.

 DSC_0092 Көрмеге мұражай қорындағы 15 жәдігер және ақын өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Абай мұражайы – руханият ордасы», «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ...», «Абай – терең теңіз, алып мұхит», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым...», «Өлең – сөздіңКениг. На земле Абая. патшасы, сөз сарасы», «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез», «Жер кіндігі – Жидебай» тақырыптарында ақпараттық тақталар қойылды. Көрме төрінен орын алған құнды жәдігерлердің бірі – Абай оқыған Ахмет Риза медресесінің қолжазба кітабы көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Байғалиев. Шыңғыстау  Ұлы ақынның туған күніне орай Абай қорық-мұражайында осы зерде ордасында жинақталған туындылар негізінде «Шыңғыстау» сурет галереясы ашылды. Шыңғыстау – қазақ халқының ұлы перзенттері Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтің туған мекені. Еуразияның кіндік тұсында жатқан Шыңғыстау жерінде үш алыптың дүниеге келіп, сөз өнерін әсемдік биігіне көтеруі – адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс.

  Қасиетті Шыңғыстау өңірінің табиғаты мен тарихи жерлері Абай қорық-мұражайы қорында жинақталған жергілікті қылқалам шеберлерінің туындылары арқылы көрсетілді. Сурет галереясында белгілі өнер иелері М.Беляев, Ғ.Макаров, М.Әлиакпаров, Н.Өтепбаев, Т.Байғалиев, Т.Татиев және тағы басқа суретшілердіңDSC_0377DSC_0177 100-ден астам туындылары қойылды.

  Абай музейіне келушілердің, әсіресе халқымыздың сурет өнеріндегі мақтанышы Әбілхан Қастеевтің жауһар туындылары ерекше қызығушылығын тудырады. Әйгілі қылқалам шеберінің музей қорында 12 туындысы болса, соның бірі – «Жас Абай» суреті де келушілердің көзайымына айналды.

  «Абай шаңырақтары шақырады!» мереке аясында «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ пен DSC_0295дойбыдан Шығыс аймақтық жекелей біріншілігі өтті. Сондай-ақ, «Шеберлер ауылы» - жергілікті суретшілер, қолөнер шеберлерінің көрме-сатылымы ұйымдастырылып,Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасыныңDSC_0329 «Абайды оқы, таңырқа...» атты библиокеруені Абай көшесімен жүретін қала көліктерінде өткізілді.

  Мереке аясында Абай музейінде «Экспонат тарихы» атты Абайдың түпнұсқа суреттерінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Биыл Абайдың 1896 жылғы фотосына және Абайдың ұлы Мағауияға жазған хатына 120 жыл толып отыр.

DSC_0179  «Абай шаңырақтары шақырады!» атты мерекенің ашылу салтанаты ақын есімін еншілеген мәдени мекемелер: Абай қорық-музейінің, Абай қорының, Абай журналының, Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен АбайDSC_0254 атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театры ұжымдары атынан Абай қорының президенті Отантай Кәрібжановтың алғы сөзімен ашылды. Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театры ұжымының орындауында «Абай» трагедиясынан үзінді көрсетілді. Сонымен қатар Абай театрының симфониялық оркестрінің өнеріне де көрермендер сүйсіне қол соқты.

  DSC_0153Мереке қазақ үшін қара өлеңнің қағбасына, қара сөздің патшасына айналған Абай атамыздың туған күніне арналған «Абай жыр ақшамдары» ақындар шеруіне жалғасты.

  Абайдың туған топырағынан келген белгілі ақын Т.Жанғалиев, Н.Байтөс,DSC_0260 Т.Әбдікәкімұлы, К.Байгожинов, М.Оспанов, Д.Омарбаева, Р.Смағұлов, А.Құдайбергенов, А.Манабаев ағамыздың жұбайы Р.Манабаева, ақын Е.Асылбеков (ағамыздың өлеңдерін - жұбайы Гүлнар апайымыз орындады), Қ.Сабырай, М.Атанбаев, С.Молдабеков, Б.Игіліков, М.Қартов, Д.Сіметов, С.Қасымұлы,Ж.Мақаев, М.Сатыбалдин, Р.Мұхамедрақым, Б.Мұратхан, Ж.Торайғыров, Қ.Кенжебекұлы жырдан шашу DSC_0210шашып, Абай мұражайының жетекші ғылыми қызметкері, Төлеу Көбдіковтің немересі Ш.Садықоваұлы атасы Т.Көбдіковтің 1945 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толуына арнаған арнауынан үзінді оқыды.

  Мерекеге қаланың зиялы қауым өкілдері, қаламыздың өнер майталмандарыDSC_0141 Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филормониясының әншісі Б.Омаров, Ж.Кәрменовтің шәкірті М.Ахметов, Семей қалалық Мәдениет сарайының әншісі Б.Түктібаев, А.Низан,абайтанушы, халық композиторы А.Ахметжанов және алыстан ат терлетіп келген Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, Қарауыл «Мәдениет үйінің» дәстүрлі әншісі Қ.Қабышев, ұлы ақынның кіндік қаны тамған Абай ауданының «Қасқабұлақ» ауылынан: Абай, Шәкәрімнің ән мұрасын насихаттаушы, DSC_0127әнші А.Жікенов, Абайдың ән мұрасын насихаттаушы шәкірті Әлмағамбеттің ұрпағы әнші Қ.Қабыланов Абайдың әндері «Ата-анаға көз қуаныш», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай», «Татьянаның әні», «Көзімнің қарасы» орындалып, Семей қалалық Жастар сарайының татар орталығының «Ертіш нұрлары», «Көңілді болашақ» балалар ансамблдерінің орындауында Абай әндері тыңдалды.

  Көрермендер «Абай» өнер мектебінің жас ақындары қалалық, облыстық «Абай, Шәкәрім» оқуларының жүлдегерлері №13 орта мектептің оқушысы Б.Қамзанова; Т.Аманов атындағы №16 орта мектептің оқушысы А.Мелісова, №15 мектеп оқушысы Е.Отынбаев және «Айналайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиеленушілеріА.Берікова, А.Ғалымбекқызы, Әлижан Биғазы, А.Искакова, А.ОспановалардыңDSC_0005 орындауында Абай өлеңдерінен әдеби монтажын тамашалады. Сондай-ақ, Абай музейінің қызметкерлері Б.Саматова, А.Қанатұлы, Б.Самархан Абай Құнанбайұлы шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде нақышына келтіріп оқыды.

  Абай, Ақсуат ауданының Құрметті азаматы, шежіреші, этнограф М.Жанболатұлы «Алтыбақан тарихы» туралы қысқаша мәлімет беріп, қонақтар алтыбақанда тербелді.

  DSC_0359Шара барысында әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Т.Рахимовтың жұбайы Батима апайымыз Тұрсынғазы ағамыздың шапанын мұражай қорына тапсырды.

  Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков мереке қонақтарына зор алғысын айтып, өнер көрсеткен адамдарды алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

  Мерекеге келген барша жұртшылық үшін Абай музейі түнгі 23.00-ге дейін тегін қызмет көрсетті. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, Абай дәуірімен таныстыратын музей залдарына шолу экскурсиялары, тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылып, «Абай» туралы фильмдер көрсетілді.