name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ШАҢЫРАҚТАРЫ ШАҚЫРАДЫ!» МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ» КӨРМЕСІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАДА 23.08.2016 13:48

  DSC_0058Әр оқырманның жүрегінен орын тауып, ойына ой қосып, шаттық нұрына бөлейтін, қуанса бірге қуанатын, жабықса бірге жабығатын Абай Құнанбайұлының шығармашалығы - қазақ халқының қайта оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтікDSC_0064 әділдіктің символы.

  Мыңмен жалғыз алысқан, сол бір жұмбақ адамның шығармашылығы жылдар бойы зерттеліп, жас ұрпаққа насихатталуда. Жыл сайын 23 тамыз күні Абай қорық-мұражайы ақынның туған күнін ерекше атап өтеді. Биылғы жылы «Абай шаңырақтары шақырады!» мерекелік бағдарлама аясында DSC_0068Абай қорық-мұражайының «Ұлы дала елінің ұлы ақыны» көрмесі өз көрермендерін Абай кітапханасында қарсы алды.

  Салтанатты шара Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбековтің алғы сөзімен басталып, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамытуDSC_0073 бөлімінің басшы Б.Көпбаев, «Абай қорының» президенті О.Кәрібжанов, «Абай» журналының директоры М.Оспановтың құттықтау сөздерімен жалғасты.

  Шараға жиналған қауым Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Әлемге танылған тұлға» атты кітап көрмесімен танысып, DSC_0081жалғасында Абай қорық-мұражайының «Ұлы дала елінің ұлы ақыны» атты көрмесін тамашалады.

  Көрмеде мұражай қорындағы он бестен астам жәдігер қойылды. Көрме төрінен орын алған құнды жәдігердің бірі  - Абай оқыған Ахмет РизаDSC_0130 медресесінің қолжазба кітабы көрермендердің қызығушылығын тудырды. Сонымен бірге ақын өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Абай мұражайы – руханият ордасы», «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ...», «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит», DSC_0092«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез», «Жер кіндігі – Жидебай»  тақырыптарында ақпараттық тақталар қойылды.