АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ШАҢЫРАҒЫ ҰЛЫСТЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ 20.03.2018 18:00

  DSC_000622 наурыз – ұлыстың ұлы күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінде этнографиялық бөлім ашылды. Сан ғасырлар бойғы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттайтын көрме халқымыздың өткенін, Абай заманын көрермен назарына ұсынуды мақсат еткен.

  Этнографиялық бөлімнің басты ерекшелігі – мұнда бүгінгі күнге дейін музей қорында сақталған көне жәдігерлер мен этнографиялық, зергерлік, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен тұрмысын танытатын сирек жәдігерлер кездеседі. Ағаштан, теріден жасалған тұрмыстық заттар, түрлі тәсілмен жасалған қолөнер бұйымдары, қару жарақтар, музықалық аспаптар, күмістен жасалған әшекей бұйымдары, бейнелеу өнері туындылары қызығушылық танытқан көрерменнің көңілінен шығатыны кәміл.

  Сонымен қатар, арнайы осы көрме үшін өткен ғасырларда өмір сүрген қазақ ұсталары мен зергерлерінің қолынан шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттарға қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын. Сол тізімде бағзы заманда күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын асадал, кебеже, келсап, піспек, қолдиірмен, Абайдың нағашысы Тұрпанның ері сияқты бағалы мұралар ұлыстыңқлы күні мерекесіне орай алғаш рет шығып отыр.

  Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттайтын этнографиялық бөлім Абай заманы мен бабаларымыздың өткеніне қызығушылық танытқан көрермендер мен музей қонақтары үшін тұрақты жұмыс істеп, қызмет көрсететін болады.