АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ШАҢЫРАҒЫ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК 09.07.2019 10:53

   IMG-20190705-WA0085 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Семей қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» IMG-20190705-WA0069 орталығының тәрбиеленушілеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды.

   Экскурсия барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға Абай музейіндегі «Абай дәуірі», «Абай арманы-Елбасы жүрегінде», «Жаз», «Абайдың ән-күй мұрасы» сияқты бөлімдер таныстырылып, қазақ даласының ірі ойшылдарының бірі Абай Құнанбайұлы IMG-20190705-WA0065 туралы мағлұмат берілді.

   Сонымен қатар, қалалық №1 музыка мектебінің «Нұр-шуақ» домбырашылар ансамблі мен «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығындағы IMG-20190705-WA0068 тәрбиеленушілердің қатысумен концерттік бағдарлама өткізілді.

   Аталған орталық қызметкерлері мен ата-аналардың сөзінше мұндай кездесулерді ұйымдастыру музейге келуші IMG-20190705-WA0074 қонақтардың санын арттырып қана қоймай білуге құштар, өмірге ынтық жандардың музейге және тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын тудырары анық.