name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ САЯБАҒЫ – ШЫМКЕНТ МАҚТАНЫШЫ 29.11.2017 16:42

  IMG-20171127-WA0003Жақында киелі Оңтүстік Қазақстан облысына жолымыз түскен. Қасиетті Отырарға барып, батыр бабаларымыздың қаны төгілген, өз тұсында өркениет көшінің алдында болғанIMG-20171128-WA0011 тарихи қала жұртына тағзым жасап қайттық. Әрбір үш қазақтың бірі тұрып жатқан еліміздің оңтүстігінің өсіп, өркендеуі көңілді қуанышқа бөледі.

  Әсіресе, біз Шымкенттегі сәнді Абай саябағынан ерекше әсер алдық. Жасыл желекке оранған демалыс орнында келушілер үшін жан-жақты жағдай туғызылған. Осындағы зәулім Абай ескерткіші жүректе ән тербейді...

   Қазағымыздың айбыны мен абыройы, аты аңызға айналған батыр IMG-20171128-WA0012Бауыржан Момышұлы атындағы көшеде орналасқан Абай саябағының тап іргесіндегі орталық кітапхана ұжымының Ұлы ақын мұрасына деген ерекше сүйіспеншілігіне разы болдық. Мәдениет ордасының қай есігінен кірсеңіз де сізді Абай өлеңдері мен қара сөздері қарсы алады. Олай болса, «Мың естігеннен – бір көрген артық» демекші, Шымкент сапарынан естелік-альбомды назарларыңызға  ұсынамыз.

 

 

 

      IMG-20171128-WA0018      IMG-20171128-WA0019     IMG-20171128-WA0017

      IMG-20171128-WA0013      IMG-20171128-WA0007     IMG-20171128-WA0004