name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ» ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ 12.12.2017 15:17

IMG-20171211-WA0002   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық- музейінің «Абай» өнер мектебі «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің оқушылары қалалық сайысқа қатысып, өз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.    

  1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар аясында  Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Семей қаласы бойынша №2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан қалалық ашық біріншілік өтті.IMG-20171211-WA0001

  Жарысқа  40-тан астам оқушы қамтылды. «Абай» өнер мектебінің оқушылары өз қабілеттерін көрсетіп, қала бойынша екі бірдей жүлдені жеңіп алды: Досан Еркебұлан – II орын, Досан Бексұлтан –III орынды иеленді.

  Тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Алтынбек Болатбекұлы Семей қаласында тоғызқұмалақ спортын дамытуға, халық арасында салауатты өмір салтының негіздерін нығайтуға қосқан елеулі еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.

  Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, жаңа додаларда топ жаруларына тілектеспіз.