АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ» ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ШӘКІТТЕРІ ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ 05.12.2016 14:06

  IMG-20161205-WA0005Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында 2016 жылдың 20 қаңтарында ашылған «Абай» өнер мектебі өз жұмысын үш бағытта жүргізуде.

  Мектеп тәрбиеленушілері қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны - тоғызқұмалақты үйреніп, жарыстарда  жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақ ойынын жандандыру мақсатында жаттықтырушыIMG-20161205-WA0004 А.Б.Құсайынов «Абай» өнер мектебінде өз шәкірттерін үйретуде.

  20 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас өспірімдер арасында өткен қалалық чемпионатында А.Құсайыновтың шәкірті Е.Қалдықан ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы  А.Құсайыновқа тәрбиелеп отырған шәкірттерінің  алда да жетістіктері көп болсын демекпіз.