АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

"АБАЙ" ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕГІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ 19.09.2017 11:43

  IMG-20170918-WA0020Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі жанындағы "Абай" өнер мектебі  жазғы демалыстан кейін  өз жұмысын бастады.

  Қазіргі күнде ұлы ақын дәстүрін жалғастырған "Абай" өнер мектебінде  тоғызқұмалақ ойыны, ақындыққа баулу мен мәнерлеп оқу үйірмелері мектеп оқушыларының талаптарын ұштап, тәрбиеленушілердің жаңа қырларын ашуға үлес қосуда.

  Тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі А.Құсайыновтың  шәкірттері қалалық, облыстық деңгейдегі сайыстарғаIMG-20170918-WA0021 қатысып,  өз шеберліктерін сан мәрте жүлделі жеңістерімен дәлелдеп жүр.

  Абай шаңырағында өтетін әртүрлі шараларда Г.Жакина баулыған  талапты түлектер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендер ризашылығына бөленуде.

  Өнер мектебі қаламыздағы мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында мақсатты жұмыс атқаруда.

  «Абай» өнер мектебінің үйірме жұмысына қатысуға талап білдіруші балаларға есігіміз ашық!