Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында, 2017 жылдың 29 қараша күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Абай» өнер мектебінде №19 жалпы орта білім беретін мектептің «Бабалар өнері - балаға мұра» атты көрмесі
салтанатты түрде шымылдығын ашты.
Көрменің мақсаты: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, шәкірттердің шеберлігін шыңдау. Мұражай мен мектеп арасындағы байланысты дамыту.
Көрмеге оқушылардың зергерлік бұйымдары, матамен, моншақпен кестелеу жұмыстары, тоқыма, ағаш және т.б. қолөнер туындылары қамтылған. Оларды көркем өнерге баулып жүрген, А.Б.Елубаев, Б.С.Шапенова, Н.Мануленко музей әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар, шара барысында №19 мектептің вокалдық хор тобы және бүлдіршіндер өз арнауларын оқыды, өнерлерін ортаға салды.
Көрменің ашылу салтанатына музей қызметкерлері, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысты.