name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ ӨЗБЕКСТАНДА 15.06.2017 13:55

  P70520-094417Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Адамзаттың Абайы» атты көрмесі Өзбекстан қазақ ұлттық мәдениP70520-104028 орталығының 25 жылдығы және Өзбекстан ұлттық телеарнасындағы қазақ тілінде жүргізілетін телебағдарламаның 50 жылдығына арналған шаралар аясында ұйымдастырылды.

  Көрші мемлекетке іссапар барысында музей қызметкерлері «Қазақ және өзбек халқының достығы – Орталық Азиядағы тұрақтылық пен дамудың кепілі» конференциясына қатысып, музей атынан құттықтау хат SAM_1154табыстады. Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы шығармашылық байланыстарды дамыту мақсатында екі жақты меморандум қабылданды.