name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ДОСТАРЫНА ҚҰРМЕТ ҚӨРСЕТІЛДІ 26.05.2017 10:23

  DSC_0221Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 18 мамыр - Халықаралық музей күні кең атап өтілді. Оған ұлы Абайдың асыл мұрасына жанашыр жұртшылық, музей дамуына тілектес достар және жас буын өкілдері шақырылды.

  Мерекелік шаралар барысында бірінші рет музей достарының танымдықDSC_0239 әңгімелері жобасының тұсауы кесілді. Соған орай республикалық Абай қорының президенті О.Кәрібжанов Абайдың 125 жылдығын кеңінен сөз етсе, телеарна ардагері, белгілі журналист М.Алин ұлы ақынның 150 жылдығын деректі фильммен сабақтастыра әңгімеледі. Ал, философия ғылымдарының кандидаты Е.Жетібаев «Шәкәрімнің шығармашылығы», тарихшы, мұрағат маманы Л.Қадырова «Ұлы тұлғалар және мұрағат» DSC_0181тақырыбына тартымды әңгімелер өткізді. Бұл күні музейге келушілердің баршасына тегін қызмет көрсетілді.

  Абай музейіндегі дәстүрлі «Музей түні» акциясының салтанаты осы күні сағат 17-00-де басталды.

  Музей директоры Б.Жүнісбекұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, музей достары: Көкбай мұражайының ашылуына үлкен үлес қосқанDSC_0168 С.Қошкеұлына, атақты халық ақыны Ш.Әбенұлының мұражай-үйінің ашылуына белсенді атсалысқан шәкіртанушы К.Әлімбековке «Абай» медальдарын тапсырып, иықтарына шапан жапты.

  Салтанатты шара үстінде Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі музейдің ғылыми хатшысы Ш.Садықоваға табысталды. Сонымен қатар Г.Бейсембинова қалалық мәдениет бөлімінің тарапынан «Үздік экскурсовод» атанып, музей ұжымының бірнеше қызметкерлері ШҚО Мәдениет басқармасының грамоталары мен кәсіподақ DSC_0279ұйымының марапаттарына ие болды.

  «Музей түні» жергілікті өнер шеберлері және Абай өлеңдерін жатқа оқитын мектеп оқушылары мен бала-бақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен концерт, Абай өлеңдері мен арнаулары, өнер қайраткерлерінің орындауында Абай,DSC_0314 Шәкәрім әндері және «Абай жолы» эпопеясынан үзінді көрсетілді.

 Сонымен қатар, алтыбақан аясында қазақтың ұлттық әндері шырқалып, «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ және дойбы ойындарының жарысы ұйымдастырылды. Шара аясында қолөнер шеберлерінің сатылым-көрмесі халық назарына ұсынылды.

  Музей достары, сондай-ақ Саржалдың бал қымызынан дәм татып, отшашуды тамашалады.