АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 04.05.2019 08:43

  DSC_0035  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығына сәйкес Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры, жазушы Б.Жүнісбеков өз еркімен қызметінен босатылып, директордың уақытша міндетін атқарушы лауазымына Е.Мейрамхатұлы тағайындалды.

   ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарушы К.Сейітова Абай музейінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Әр түрлі салаларда қызмет атқарған Ерлан-Бек Мейрамхатұлының алдында Семей қаласындағы тарихи маңызға ие қасиетті Абай шаңырағын одан әрі дамытып, Ұлы ақын мұрасын халық арасында кеңінен насихаттау, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту сияқты міндеттер тұр.