name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНЕ «ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ» МЕДАЛІ ТАПСЫРЫЛДЫ 09.06.2017 14:45

  DSC_0009Уақыт өткен сайын абайтанушы ғалымдардың талай жылғы еңбектері еленіп, оларға көше аттары беріліп, зерттеу кітаптары жарыққа шығып, барынша кең ауқымда ұлықталуда. Осы орайда, М.Әуезовтен кейін Абай мұрасын жинауды, насихаттауды болашақ алдындағы парызым деп білген Қ.Мұхамедхановқа Семей қаласының орталығынан көше аты берілді. Бұл жетістікті қазақ қауымы асыға күткен еді. Міне, сол арман да орындалды.

  Шара барысында, «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениетDSC_0037 орталығы» директоры, профессор Дина Мұхамедхан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне ғалымның шығармашылық мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хат және «Қайым Мұхамедханов – 100 жыл» медалін тапсырды. Қор директоры Дина Мұхамедхан және ғалым ұрпақтары ризашылық сезімдерін білдіріп, таяуда жарық көрген «Әке мен бала – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов – Отан патриоттары» кітабын сыйға тартты.

  Абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, М.Әуезовтің сенімді шәкірті болған Қайым DSC_0080Мұхамедхановтың  өмір жолын, қоғамдық қызметін, шығармашылығын Абай музейінің ұжымы үнемі насихаттап, түрлі деңгейдегі мәдени шаралар легін толассыз өткізуде.

  Қорық-музей директоры Б.Жүнісбеков Қайым Мұхамедхановтың еңбектері музей қорының құндылықтары қатарында екендігін, музей алдағы уақытта да ғалым мұрасын дәріптейтіндігін атап айтты. Сонымен бірге «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығына» және ғалым ұрпақтарына музейдің баспа өнімі – Абай өлеңдерінің ағылшын тілінде шығарылған жинағын сыйға тартты.