АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНЕ АЛАШТЫҢ АЙБЕГІ КЕЛДІ 22.12.2017 15:01

12017 жылдың 22 желтоқсанында Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанда қазақ күресінен тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы атанған жерлесіміз Айбек Нұғымаровпен кездесу өткізілді.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың қыркүйек айында «Әлем барысы» додасында әлемнің 40-қа жуық елінен балуандар өзара бақ сынасып, жерлесіміз Айбек Нұғымаров таза жеңіп,  Қазақстанды әлемге тағы бір мәрте танытты.2

Тарихтағы шаңды жорықтарды еске алсақ, адамзат қанша жылдар бойына қайратты пір тұтқан. Батыр бабаларымыздың білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп атамекенді бізге аманттап қалдырды. Қазақ жерінің бір сүйемі де Айбектей балуандарының арқасында жаудың қолында кетпеді.

3Шыңғыстаудай қастерлі мекеннен қанаттанған Айбек Серікболұлы -  Қазақ күресінен әлемді төрт рет бағындырған (2010, 2013, 2014, 2016) жалғыз балуан, үш дүркін (2008, 2009, 2014) Азия чемпионы, төрт мәрте Еуразия барысы.

Шараны құттықтау сөзімен ашқан музей директоры Б.Жүнісбеков  Айбек Серікболұлы Нұғымаровқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатын, сонымен бірге қорық-музейдің «Абай» медалін табыс етіп, ұлы ақынның төрт тілдегі жинақтарын сыйға берді.4

Шара соңында «Шығыс барысы» А.Нұғымаров музейдің «Тағзым» кітабына «Халқымыздың өнері – спорты өркендей берсін. Абай атамыздың аруағы жар болсын» деп өз қолтаңбасын қалдырып, музей басшылығы мен ұжымына алғыс білдірді.