АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕГІ ПРЕСС-ТУР 22.05.2019 15:14

  DSC_0029 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Ұлы дала мұрасы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес бұқаралық ақпаратDSC_0036 құралдары өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жұмысы мен атқарылған шаруалар жөнінде ұйымдастырылған пресс-тур барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері дала данышпаны Хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығына, ақынның туыстық айналасы мен өскен ортасына терең бойлап, абайтану әлеміне сапар шекті.

  Сонымен қатар, Абай мен Пушкиннің шығармашылық байланысы туралы «Рух үндестігі. Талант үндестігі» DSC_0044 тақырыбындағы көрменің таныстырылымы өткізілді. Баспасөз саласы қызметкерлеріне Абай, Пушкин сынды тұлғалардың театрландырылған образы және Ұлы ақындардың шығармасына арқау болған кейіпкер Татьяна Ларина бейнесі ұсынылды.