АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ОТЫРАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 21.05.2019 08:34

  DSC_0052 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының» қызметкерлері іс-сапармен қонаққа келді. Отырар қорғанына 800 жыл толуына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында құрылған жылжымалы көрменің ұлы ақынның музейінде салтанаттыDSC_0076 ашылуы өтті.

  Іс-шара Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Ерлан-Бек Мейрамхатұлының алғысөзімен ашылып, Отырар музейінің бас қор сақтаушысы Ералы Төлендіұлы көрме барысымен DSC_0205 таныстырды. Айта кететін жайт, көрме 4 бөлімнен тұрады. Көрмеге Отырар қорғанынан табылған 200 жәдігер қойылған.

  Сондай-ақ, салтанат соңы әсем әнмен түйінделіп, көрмеге экскурсия жүргізілді. «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» көрмесі Абай музейінде 1 ай бойы келушілер назарына ұсынылады.