АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 13.02.2019 16:23

  DSC_0007 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын қарпіне көшу туралы тапсырмасына байланысты DSC_0010 «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ»көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

  Көрмеге ҰлыАбайдың музей қорынан алынған бірқатар шығармалары және басқа да кітаптар мен қолжазабалар қойылды. Атап көрсетер болсақ: Абай Құнанбайұлы шығармаларының 1933, 1936, 1939 жинақтары. Әсіресе, М.Әуезов шығарған 1933 жылығы толық шығармалар жинағының ақын мұрасын зерттеудегі орыны ерекше. Сол сияқты Абай туралы DSC_0020 естеліктер, Абай туралы мақалалар жарияланған 1940 жылғы «Екпінді», «Лениншіл жас» газеттерінің түпнұсқалары, Ш.Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының көшірмесі,DSC_0035 «Сексен өтірік», «Қарлығаш», «Жарық»сыныды балалар әдебиетінің нұсқалары, Алаш зиялылары еңбектерінің түпнұсқалары және т.б. сирек кездесін құнды жәдігерлермен де келушілер осы көрмеден таныса алады.

  Көрмені Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева қысқаша сөз сөйлеп ашты.

DSC_0058   Шара барысында Тілдерді дамыту орталығының директоры З.Исабаева менСемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Абай» институтының директоры А.Смағұлова сөз сөйлеп, әскери іспен өнерді қатар алып DSC_0072 жүрген әнші, сазгер Тынышгүл Ақайқызы авторлық әндерін орындады. «Абай» өнер мектебінің шәкірттері Хәкім Абайдың өлеңдерін оқып, оны тақтаға латын әріптерімен жазып көрсетті.

  DSC_0076 Жиын соңында келушілер жаңадан ашылған көрмені тамашалады.