name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ – ХАЛЫҚ ӘРТІСІ РОЗА РЫМБАЕВА 30.10.2017 08:54

IMG-20171028-WA00042017 жылдың 28 қазанында Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат»IMG-20171028-WA0002 ордендерінің иегері Роза Рымбаева Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайына келіп,  ұлы ақын рухына тағзым етті.

Құрметті қонақты Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков қарсы алды.

Мәртебелі қонақ бас музей экспозициясымен танысты. Экскурсия барысында ақын сусындаған қайнар бұлақ –шығыс поэзиясы мен мәдениетін ашатын әдебиеттерге, Абай алақаныңың табы қалған асыл жәдігерлерге, 

IMG-20171028-WA0007«Жаз» бөліміндегі этнографиялық бұйымдары ерекше қызығушылық танытты.

Семейден ұшқан ән жұлдызы – Роза Қуанышқызы «Зерде» кітабына ізгі тілектерін қалдырып, музей ұжымына алғысын білдіріп, әндер таспасын сыйға тартты. Ел мақтанышы Роза Рымбаеваға Абай өлендерінің жинағы тарту етілді. Абай қорық музейінің ұжымы Рымбаева Роза Қуанышқызын 60–жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтайды. Қазақ өнерін әлемге танытқан әншінің бақ жұлдызының әр қашан биік болуына  тілектеспіз!

IMG-20171028-WA0003       IMG-20171028-WA0006