name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ИРАН ЕЛШІЛІГІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 08.06.2017 13:34

  DSC_0050Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігінің "Фирдоуси Абай елінде" мәдени шарасы ұйымдастырылды.

  Мәдени шара парсы мәдениеті тарихынан сыр шертетін Иран миниатюрасы мен декоративті-қолданбалы өнерінің "Фирдоуси әлемінен" көрмесініңDSC_0110 ашылуымен басталды.

  Музей директоры Б.Жүнісбеков алғысөзінде ұлы ақындар Абай мен  Фирдоуси шығармашылығы арқылы қалыптасқан екі халық арасындағы рухани-мәдени туыстық пен сабақтастықты атап көрсетті.

  Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің DSC_0124Кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин құттықтау сөз сөйлеп, екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстардың маңызына тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан шараларға қолдау көрсетіп отырған музей басшылығына алғысын білдірді.

  Мәдени шара одан әрі "Фирдоуси Абай елінде" тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысымен жалғасты. Шығыстанушы ғалым, Абылай хан атындағыDSC_0167 Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, парсы тілі және әдебиеті академиясының (Иран) толық мүшесіСафар Абдулло "Фирдоуси мен Абайдың парсы және қазақ әдебиетіндегі орны"; тарих ғылымының докторы, Мазандеран (Иран) аймағындағы "Мәдени мұра" ұйымының Бас
DSC_0175директоры Бозоргниа Делавар "Қазіргі замандағы Фирдоусидың алатын орны";филология ғылымының докторы, професссор А.Еспенбетов «Абайдың ақындық кітапханасы»; абайтанушы, ирантанушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітова "Абай шығармашылығына классикалық парсы әдебиеті ақындарының әсері" тақырыбындағы баяндамалар жасады. Дөңгелек үстел барысында абайтанушы,DSC_0254 шығыстанушы, ирантанушы ғалымдар Фирдоуси мен Абай шығармашылығына қатысты ойларын ортаға салып, өзара  пікір алмасты.

  Шараға зиялы қауым өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері DSC_0278және қала қонақтары қатысты.

  Иран миниатюрасы мен декоративті-қолданбалы өнерінің "Фирдоуси әлемінен"көрмесін  1 шілдеге  дейін тамашалауға болады