АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ - ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ФИЛИПП МАРТИНЭ 23.10.2017 14:50

DSC_0022Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп МАРТИНЭ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келіп, ақын рухына тағзым етті.

Құрметті қонақтарды Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков қарсы алды.DSC_0008

Мәртебелі қонақ бас музей экспозициясымен танысты. Экскурсия барысында ақын сусындаған қайнар бұлақтар – халық ауыз әдебиеті және  Шығыс пен Еуропа поэзиясы мен мәдениетін ашатын әдебиеттерге, Абай тапсырған заттарға, «Жаз» бөліміндегі этнографиялық жәдігерлерге  ерекше қызығушылық танытты.

DSC_0043Сонымен бірге Филипп МАРТИНЭ мырза Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің, қарасөздерінің, әндерінің орны ерекше екеніне тоқталды.IMG-20171023-WA0018

Барынша жан-жақты мәлімет алған қонақ «Зерде» кітабына өз қолтаңбасы мен ізгі тілектерін қалдырып, музей ұжымына алғыс білдірді. 

Экскурсия соңында, француз елшісіне музей директоры Б.Жүнісбеков Абайдың төрт тілде жарық көрген жыр жинақтарын табыстады.