АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БАЛДЫРҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ 23.04.2019 08:07

 DSC_0016 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіндемектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында төртінші мәрте«Әсемпаз болма әрнеге»дәстүрлі байқауы ұйымдастырылды.Байқауға қаламыздағы «Алтын бесік», «Ертөстік», «Нұрсәуле» «Ажар» ясли-бақшалары,«Балауса», «Ай-Іскер» және т.б. мектепке дейінгі тәрбие орталықтарыныңбалдырғандары қатысты. Әрбір өнерпаз бала АбайдыңDSC_0007 өлеңдерінжатқа оқудан бәсекеге түсті.

  Сайыс қорытындысы бойынша мына тәрбиеленушілер: І-орынды «Нұрсәуле» ясли-бақшасынан – Мәкен Ясмина, ІІ-орынды №11 «Ертөстік» ясли-бақшасынан– Талғатова Айару және №15 балалар бақшасынан – Болысханова Адель, ІІІ-орынды  «Ажар» ясли-бақшасынан – Сағимуратов DSC_0161 Нұрмади, №1 «Арман» ясли-бақшасынан – Ержанқызы Нұрай, «Айналайын» шағын орталығынан – Еркінова Құралай иеленді.Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  Сайыста көрермендерді тәнті қылып, ерекше өнер көрсеткен бүлдіршіндер арнайы жүлделермен марапатталса, қалған жас буынға  алғыс хаттар менынталандыру сыйлықтарыDSC_0210 табысталды. Сонымен қатар, музейдің Күмбез залында балаларға арналған «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі көрсетілді.