АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ 01.07.2019 10:06

 DSC_0006 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай көрме ұйымдастырылды. Елбасының жарлығымен 2018 жылдың 12 маусымында шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра» күні болып бекітілген болатын.

  Көрмеде Қ. Аманжолов, І. Жансүгіров сынды қазақ ақындарының домбыра DSC_0025 тақырыбында жазған өлеңдері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет сияқты атақты күйшілердің өнерлерін паш ететін кітаптар, Абайдың «Тор жорға», «Май түні» күйлерінің ноталары, Ш.Әбенұлының «Әнім мен күйім-халқыма сыйым», Т.Ибрагимов, С.Малаевтың «Шыңғыстау өңірінің шертпелері», DSC_0017 Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» кітаптары және басқа да танымдық журналдар, екі ішекті, үш ішекті домбыралардың фотосуреттері көрермен назарына ұсынылды.

  Сонымен қатар, көрмемен танысуға келген оқушыларға домбыра тарихы туралы ақпарат беріліп, Абайдың ән-күй мұрасы залында тақырыптық экскурсия өткізіліп, шара соңында «Ақсақ құлан» мултфильмі көрсетілді.