АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ҰЖЫМЫ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ 09.01.2018 14:23

  DSC_0002 - копияЖуырда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу болып өтті. Кездесуде ғалым Абайдың «толық адам» ілімін зерттеп, зерделеп жатқандығын жеткізіп, алдағы уақытта оқырмандар қолына көлемді кітап болып тиетіндігін және алдағы уақытта хакім Абайдың «жан ілімін» зерттеуге күш салуға бекініп отырғанын айтты. Кейінгі жылдардағы абайтануға қатысты жарық көріп жатқан ғылымиDSC_001222еңбектер мен мақалаларға тоқталып, жас ғалымдардың ізденісі көңіл көншітерлігін мақтанышпен атап өтті.

  Қоғамда болып жатқан оқиғаларға дер кезінде үн қосып, еркін ойын ашық жеткізетін ғалым бұл жолы да қоғамда орын алып жатқан жағдайларға қатысты пікірін білдірді. Сонымен қатар, ғалым өз сөзінде:

 DSC_0032 - Ұлттық тарихқа байланысты әлі күнге зерттеуді қажет ететін дүниелер өте көп. Бір ғана Абайдың «толық адамын» дәл қазіргі идеологияға пайдалансақ, біз көп нәрседен ұтар едік, - деді.

  Кездесу соңында абайтанушы ғалым Абай шаңырағына өзінің кітаптарын сыйға тартып, музей қызметкерлерімен естелік суретке түсті.