АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ ЖАСТАР ЖЫЛЫН БІЛІМ БӘСЕКЕСІМЕН БАСТАДЫ 04.02.2019 08:52

   DSC_0032 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі өткен жылы Елбасы жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияланған сәтінен бастап, бірқатар шараларды  жүзеге асырды. Сол шаралардың жалғасы - Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты сайыс.

Аталмыш шараға Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған жастар жылыныңDSC_0068 салтанатты рәсіміне қатысқан жерлесіміз, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт білім сайысының құрметті қонағы ретінде қатысып, жастарға өзінің ақжарма тілегін жеткізді, сондай-ақ, үміттерін үкілеп келіп отырған сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Дәстүрге айналған дүбірлі сайысты өткізудегі басты мақсат – Абайдың ақын шәкірті, жазушы, тарихшы, аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірін, оның мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және кеңінен DSC_0095 насихаттау.

Сайысқа алдын-ала тағайындалған әділ қазылар құрамында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Шәкәрім атындағы гиназияның қазақ тілі менDSC_0151 әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бекқасымов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина болды.

Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды Жарқын мектебінің оқушысы Е.Мотышева, ІІ-орынды Знаменка мектебінің оқушысы Е.Файзуллаев, ІІІ-орынды №49 мектеп DSC_0161 оқушысы Н.Амангелді қанжығаларына байлады. Сайыста көрермендерді өз өнерімен тәнті қылып, көзге түскен №23 мектеп оқушысы А.Серікқазинова «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.

Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.DSC_0182