АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ: «ӘРҚАШАН ҰМЫТЫЛМАСҚА» КӨРМЕСІ - ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫНДА 17.04.2018 10:44

IMG-20180417-WA0017 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қазақтың көрнекті ақыны, философ, аудармашы, хәкім Абайдың немере інісі Ш.Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай Астана қаласындағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық қорында «Әрқашан ұмытылмасқа» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты – «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектерімен және өрнекті өлеңдерімен жұртшылыққа танылған Шәкәрімнің асыл мұрасын кеңінен насихаттау, қажының сан соқпақты өмір жолын жас ұрпаққа дәріптеу, сол арқылы даналықтың мәйегін түсіндіру.

Абайдың ақын шәкірттерінің ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының орны бөлек, ол Абай шәкірттерінің ішіндегі бас шәкірті. Ақындық өнерімен қоса, ойшылдық тереңдігі, философиялық толғаныстары - өз заманы үшін теңдесі жоқ қайталанбас рухани қазына.

Көрмеде Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық өнері, ойшылдығы, елінің өткенін терең зерделей білген тарихшы, шебер аудармашы және дарынды сазгер екендігін танытатын мәліметтер мол қамтылған.