name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ МЕН ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘКІМШІЛІКТЕРІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 22.12.2016 12:00

  222222016 жылдың 22 желтоқсан күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің әкімшіліктері меморандумға қол қойды.

  Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков өз сөзінде бұл меморандумның музей және университет үшін берері мол екенін атап333333 көрсетті. Музей ұжымының университет ғалымдары және тарихшыларымен бұған дейін де өзара мүдделі жұмыс қалыптасқан. Ал, енді жаңа форматтағы көрмелер, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстел,  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы осы дәстүр  одан әрі жалғасады.

  Өз сөзінде Шәкәрім университетінің ректоры М.Ескендіров меморандумның басты мақсаты – өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында білім беру және 5555ғылыми зерттеулер жүргізуді нақты практикалық істермен сабақтастыру екеніне тоқталды.

  Музей мен университет арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты дамыту арқылы студенттерге лекция, танымдық сабақтар, тақырыптық экскурсиялар, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, Абай, Шәкәрім,44444 М.Әуезовтің асыл мұраларын насихаттап, мұражай бөлімдерімен, тарихи орындармен таныстыру көзделген.

   Меморандум аясында екі мекеме арасында түрлі мәдени, ғылыми іс-шаралар легі жүзеге аспақ.

  Шараға университет ғалымдары, музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты.