АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ МУЗЕЙІ КІТАПХАНАСЫ» СЕРИЯСЫМЕН ЖАРЫҚ КӨРДІ 13.10.2017 09:29

  Слайд1Биылғы жылы елімізде, соның ішінде шығыс өңірінде Алаш қозғалысының – 100, кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің 120, дарынды ақын әрі әнші-сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдығы тәрізді атаулы даталар аясында  үлкен мәдени шаралар аталып өтуде.

  Өз кезегінде Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің әкімшілігі де республикалық деңгейде әр түрлі тақырыптағы көрмелер мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырып өткізумен қатар Семейдегі «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов», Мақаншы ауылындағы Әсет Найманбайұлы музейлері ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми-экспозициялық жаңғырту шараларын атқарды. Сонымен бірге арнайы тапсырыс бойынша республикалық «Абай» журналының №1 саны Алаш арыстарының, №211 саны Мұхтар Әуезовтің, ал музей «Хабаршысының» №3 саны Әсет Найманбаевтің өмірі мен қызметіне арналып жарық көрді. Енді, міне жақында Абай кітапханасы сериясы бойынша әдебиетші ғалым Жанар Аитованың құрастыруы және алғысөзімен Әсет Найманбайұлы шығармаларының 2 томдық жинағы, журналист-мұрағаткер Ғабит Зұлхаровтың «Әуезов және Аягөз» кітабы, сондай-ақ Абай музейі қорындағы Көкбай Жанатайұлының «Әуамил» түркі елінде» атты қолжазбасы, ақсуаттық шежіреші Мәуітхан Сыдықов тапсырған Әсет пен Кәрібай айтысы жеке кітапша болып басылып шықты.

  Әсет Найманбайұлы шығармаларының 2 томдығына негізінен Қазақстаннан басқа көршілес Қытай, Моңғолия жеріндегі қазақтардың арасында сақталған біртуар дарынды ақын, әнші-сазгердің мол мұрасы, ал Ғабит Зұлхаровтың «Әуезов және Аягөз» кітабына кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің деректі шығармалары арқау болған. Мысалы, Ғабит Зұлхаров әлемге әйгілі суреткердің қысқа да, нұсқа жолсапар туындыларын тиянақты талдай отырып, оның санаткерлік, әлеуметтік және ойшылдық ерекшеліктерін шынайы жеткізуге күш салады. Ал енді павлодарлық зерттеуші ғалым Әділбек Әміренов Абайдың ақын шәкірті Көкбайдың қолжазбасын арап қарпінен аударып, ғылыми талдаулар жасап түсініктер берсе, Мәуітхан Сыдықов тапсырған Әсет пен Кәрібай айтысы да тарихи таным көкжиегін кеңейте түседі. Жалпы Абай музейі кітапханасы сериясымен жарық көрген бұл кітаптар М.Әуезов пен Әсет Найманбайұлы, Көкбай Жанатайұлы шығармашылығына әдебиетсүйер қауымның қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.