name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ: БАТЫСТАН ЭКСПЕДИЦИЯ КЕЛДІ 23.05.2017 16:39

  DSC_0020Биылғы жылы елімізде «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты түрлі мәдени-рухани шаралар тұрақты атқарылып жатқаны белгілі.  Мәселен, 20-21 мамыр күндері Семей қаласына сонау Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Батыс Алашорда үкіметінің орталығы болған Жымпиты, бүгінгі Сырым батыр ауданынан жергілікті тарихи-өлкетану мұражайының директоры Айнагүл Мағауияқызы Ойшыбаеваның бастауымен, құрамында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетінің аға оқытушысы, тарихшы-ғалым Есқайрат Ерболатұлы Хайдаров, «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Ғариполлақызы Бахитова,DSC_0021 «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, ақын Бауыржан Мұстафиев, Бұлдырты орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Еркін Ахметұлы және Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Азат Беріков бар, жалпы саны бес адамнан тұратын «Алаш арыстарының ізімен» атты экспедиция қонаққа келіп қайтқан еді. Бұған дейін осы экспедиция мүшелерімен Қазақстан ұлттық телекорпорациясының шығыс және батыс аймақтардағы жергілікті телеарналарының ұйымдастыруымен өткізілген «Жымпиты-Семей» телекөпірі арқылы таныс болғанымызды айта кетуіміз керек.

  DSC_0013Сол жергілікті телеарналар көмегімен 16 мамырда тікелей эфирде жүзеге асқан алғашқы таныстық әрі пікір алмасу, енді, міне 21 мамырда Семейдегі «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайында жүзбе-жүз кездесіп әңгімелесуге ұласқан болатын-ды. Мұнда оларды Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков арнайы қарсы алып, қасиетті Семей – Алаш қаласынан естелік болсын деген ниетпен мерейтойлық газет-журналдар, кітаптарды сыйға тартты.

  Бұл күні батысқазақстандық қонақтар аталмыш мұражайдағы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, сондай-ақ Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайында жасалған түрлі экспозицияларды тамашалап, мол мағұлматтар жинақтады.