АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ: АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ, ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨЛЕУ КӨБДІКОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ 16.04.2018 14:11

IMG-20180410-WA0036  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Шар қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласы аясында  ұйымдастырылған Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, халық ақыны Төлеу Көбдіков шығармашылығына арналған «Алмас тіл асыл сөзден нақыс салып» атты ғылыми-танымдық конференция жұмысына қатысты.

  Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының Білім бөлімі мен Шар қаласындағы Т.Көбдіков атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен өткен конференцияның мақсаты - халық ақыны Төлеу Көбдіков өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, әдеби мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру.

  Төлеудің анасы Қуандық Сабырбайқызы Абаймен тең сөйлескен, сыйлас, жақын адам болған. Абай Қуандық пен оның әкесі Сабырбай Ақтайлақұлының ақындық өнерлерін жоғары бағалаған. Олардың Абаймен терең ұғысқанIMG_1769_resizedдостық қарым-қатынасы «Абай жолы» романында көркем бейнеленген.

  Төлеу Көбдіковке ұлы Абай шығармашылығының игі әсері болғаны даусыз. Ол жігіт шағында ұлы Абайдың отбасынан төрт мәрте дәм татып, мәслихатын тыңдаған. Абай туралы жазған Т.Көбдіковтың естелігі ұлы ақын өмірі мен адамдық тұлғасын зерттеуде мол ақпарат береді. 1945 жылы Шыңғыс жеріндегі ұлы Абайдың 100 жылдық тойына қатысқан Төлеу Көбдіков «Ақын тойы» атты толғауында той қызығын жеткізе сипаттайды.

  Халық ақынына арналған конференция Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының «Алмас тіл асыл сөзден нақыс салып» көрмесін тамашалаумен басталды.

  Үлкен дайындықпен келген Жарма ауданы мектептерінің оқушылары Төлеу Көбдіков шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарымен таныстырып, ақын шығармаларын жатқа оқыды.

IMG_1796_resized  Шараның екінші бөлімінде сұхбат өткізіліп,  абайтанушы ғалым, Абай музейінің досы Асан Омаров және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми хатшысы, Төлеу Көбдіковтың немересі Шынар Мұратқызы ақынның шығармашылық жолы, қайраткерлік тұлғасы жайлы әңгімелеп, жиналған қауымның сауалдарына толыққанды жауап берді.

Конференцияға Жарма ауданының Білім бөлімі мен мектеп ұстаздары,  Шар қаласының әкімдігі және Төлеу ақынның ұрпақтары қатысты.