name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН БҮЛДІРШІНДЕР ОҚЫДЫ 05.04.2017 15:57

  DSC_00422017 жылдың 5 сәуір күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасындағы «ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ» атты байқауын екінші рет ұйымдастырды.

  Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жас бүлдіршіндер арасында кеңінен насихаттау және нақышына келтіріп айтуға үйрету.DSC_0076

  Байқауға қаламыздағы «Нұрсәуле», «Ертөстік, «Ажар» бала-бақшалары мен «Ақ бұлақ», «Ай-Іскер» мектепке дейінгі тәрбие орталықтары тәрбиеленушілері қатысты. Әрбір өнерпаз бала Абайдың 10-12 өлеңін жатқа оқыды.

  Байқауда «Ай-Іскер» «Ертөстік», «Нұрсәуле» бала-бақшаларының тәрбиеленушілері өздері дайындап әкелген «Ақ көгершін» әнін орындап,  «Қамажай» биін билеп, өлеңдерін оқып көрермен ықыласына бөленді.

  «Әсемпаз болма әрнеге» байқауының қазылар алқасының құрамында Абай қорық-DSC_0046музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, білім бөлімінің әдіскері А.Жұмағұлова және Абай театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі М.Қартов болды.

  Өнер сайысының қорытындысы бойынша І орынды «Ай-Іскер» мектепке дейінгі тәрбие орталығының тәрбиеленушісі М.Амангельдинов, ІІ орындыDSC_0096 «Ертөстік» және «Ажар» бала-бақшаларының тәрбиеленушілері Е.Максутов,
 А.Тлеужанова, ал ІІІ орынды «Нұрсәуле», «Ертөстік» бала-бақшаларының тәрбиеленушілері Б.Махмұтова, К.Исумбай және «Ақ бұлақ»  мектепке дейінгі тәрбие орталығының тәрбиеленушісі Ж.Ринатқызы иеленді. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

 DSC_0119 Бүлдіршіндерді байқауға дайындағаны үшін тәрбиешілерге және қазақ тілі мұғалімдеріне арнайы алғыс хаттар тапсырылды.  

  «Әсемпаз болма әрнеге» байқауына қаламыздың зиялы қауым өкілдері, білім бөлімінің әдіскері, ата-аналар, бала-бақша тәрбиешілері, ұстаздар қатысты.

  «Әсемпаз болма әрнеге» байқауы дәстүр бойынша жылда өз жалғасын табаDSC_0143 бермек.