name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ КАБИНЕТІ - №4 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДА 03.03.2017 14:43

 
DSC_1219  Семей қаласының №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатында «Мәңгілік ел» атты кабинетінің ашылу рәсімі өткізілді.

  «Мәңгілік ел» кабинетін ашу құрметі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры Жүнісбеков БолатDSC_1222 Жүнісбекұлы және қаланың ардагерлер кеңесінің төрағасы Доғалақов Амантай Айтмырзаұлына берілді.

  Шара барысында интернат оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермен ризашылығына бөленді. Мектеп директоры М.Н.Шақабаев шара қонақтарын мектептегі заманға сай жаңашыл технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерімен таныстырды.

  Сонымен қатар бұған дейін осы мектеп-интернатта Абай кабинеті ашылған болатын. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары өткізілетін бұл кабинетте ұлы ақын шығармалары, зерттеу еңбектер мен фотосуреттер, DSC_1227этнографиялық заттар үлкен құрметпен қойылған.

  Шара соңында Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.