АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҰЖЫМЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 06.11.2018 15:36

  1Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт минстрлігі бекіткен жоспарға сәйкес Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауының негізгі тұжырымдарын талқылады.
Талқылауға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы және ф.ғ.д., профессор А.Еспенбетов, абайтанушы ғалым А.Омаров, этнограф, ақын, алаштанушы Ж.Құлмағамбет, шежіреші М.Жанболатов, Достық үйінің директоры Б.Көпбаев, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты. 
   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков жиынды ашып, «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы» тақырыбында баяндама жасады. 5 қазандағы жолдауды музей ұжымы бірге отырып тыңдады. Елбасы жасап жатқан игілікті істерді Абай шырақшылары да көріп, біліп отыр.
   Б.Жүнісбеков Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы халыққа арналған жолдауларына тоқтала отырып, жыл сайынғы Жолдаулардың маңыздылығы мен атқарылған істерді атап көрсетті. Сонымен қатар 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы халық табысының өсуі туралы айта отырып, Абай музейінің жалақысы төмен қызметкерлерінің еңбекақыл2арының өсуін кесте бойынша көрсетті. Мәселен,  2016 жылы ғылыми қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы өскен болса, 2019 жылдан бастап музейде төмен жалақы алатын мамандар, референт, зал қараушылар, қорықшылар, жұмысшылар, жүргізуші, еден жуушылардың жалақылары өседі. Айталық, референт осы кезеңге дейін 43800 теңге алса, 2019 жылдан бастап 56064 теңге алады, немесе жалақысы 12264 теңгеге, жоғары білімі бар зал қараушының жалақысы 39128 теңге болса, енді 52949 теңге, яғни 13821 теңгеге өседі.  Жүргізушіге 8576теңге, сантехникке 9149 теңге, жұмысшыға 12439 теңге, электрикке 13432 теңге, еден жуушыға 15768 теңге қосылады. Музей бойынша барлығы 59 адамның жалақысы өседі екен. 
   Баяндамашы тұрмыс сапасының артуына  назар аудара келіп: «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Елбасының тапсырмасымен арнайы сертификаттар даярланатын болады. Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді», - деп атап көрсетті, мұндай сертифик3аттарды музей қызметкерлерінің де алуына ықпал етудің қажеттігіне баса назар аударды.  
   Профессор А.Еспенбетов Елбасы жолдауындағы білім саласындағы сапа мәселесіне тоқталды. Әсіресе ЖОО-ғы білім сапасын арттыру, оқу орындары арасындағы сапалы бәсекелестікті арттыру жолдары және педагог мәртебесі туралы ойларымен бөлісті. 
   Шежіреші М.Жанболатов алғашқы медициналық - санитарлық көмек,  агроөнеркәсіп кешенін, ауылды дамыту жөніндегі Елбасының тапсырмаларын түсіндіріп өтті.
Музейдің ғылыми хатшысы Ш.Садықова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жастардың рухани дамуына музейдің қосатын үлесі, «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында экскурсиялар мен шаралар ұйымдастару мәселелері, зал қараушы А.Жакипова қызметкерлердің ең төменгі жалақысының өсуі туралы өз 4пікірлерін білдірді.
   Елбасы Жолдауындағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралар Абай музейінің ұжымында да мейілінше тиімді жұмыс жасауға деген серпіліс туғызып отыр.