АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ «EXPO-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ АРНАП «VISIT-ABAISEMEY.ORG» САЙТЫН АШТЫ 12.12.2016 09:10

  5518BEF6-A042-4F1A-B0A2-1B3022E6B395_w974_n_sEXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.

  2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде Елордамыз – Астана қаласы таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдаған екен.

  2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін0_1325eb_13648e99_XL дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. «ЕХРО-2017» ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ICOM-UNESCO ұйымына мүше бола отырып, әлемнің әдеби және музыка музейлерін біріктіретін комитет (ICLM) қарамағындағы ұжымдармен шығармашылық байланыс жасап келеді.

  2016 жылдың басында АҚШ елшілігі және АҚШ мемлекеттік департаментінің қолдауымен Фулбрайт бағдарламасы бойынша Семей өңіріндегі мәдени туризмнің ахуалын саралау үшін Ауэзов памарнайы маманның келуіне келісім жасалып, посткеңестік мемлекеттерде, оның ішінде Орта Азия мемлекеттерінде, мәдени туризмді дамытуға атсалысқан тәжірибелі маман Ричард Дион арнайы сапармен Семейге келіп, мәдени туризм саласын дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнап Абай қорық-музейі www.visit-abaisemey.orgсайтын ашты. Сайттың жасалуына тәжірибелі маман Ричардричард_3 Дион өз үлесін қосты. Онда Семей қаласының тарихы, мәдениеті, сәулет өнерінен мол мағлұмат беріліп, жаңалықтар айдары қаламыздың тыныс-тіршілігінен орыс-ағылшын тілдерінде хабардар етеді.

  Сайттың негізгі мақсаты – «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мәртебелі қонақтар мен туристерді еліміздің рухани астанасы – Семей қаласына, киелі Абай елі – Ұлылар мекеніне арнайы бағдарлама аясында шақыру f189255d8ddaарқылы қаламыздың экономикалық, мәдени жетістіктерімен, әсіресе Ұлы ақынының асыл мұрасымен және мәдени туризм саласына кәсіпкерлік көзқарас қалыптастыру тәжірибесімен таныстыруға, өңірдің туристік әлеуетін бюджетті толтыру көзі ретінде дамытуға тамаша мүмкіндіктер береді.