name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ – БИ ЖӘНЕ ТАТУЛАСТЫРУШЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» 10.10.2016 14:36

  Круглый стол в Музея Абая 12016 жылдың 10 қазанында Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Абай – би және татуластырушы» тақырыбындадөңгелек үстел өткізді.

  Шараға Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қызметкерлері және кәсіби медиаторлар қатысты.

  Абай 15 жасынан билердің сотына жиі қатысып, 20 жасында Даланың әдет-ғұрыптарын жете меңгерген,Круглый стол музей Абая 2 сөзге шешен адам болғаны белгілі. Ұлы ақын би ретінде де беделді болғанына ел арасындағы дауларда бірнеше рет татуластырушы төбе би болып тағайындалғаны  дәлел бола алады.

  Абай 1876 жылы Қоңыр-Көкше еліне болыс болып сайланады. 1885 жылдың мамыр айында Қарамола жерінде төтенше съезде Абай 73 баптан тұратын заң ережелерінің жобасын жасауға  қатысады. Бұл заң қазақ халқының арасындағы қылмысты қысқартуға арналған болатын. Осы заң жинағы –  халық арасына тұңғыш рет қазақ тілінде, типографиялық жолмен тараған құқықтық құжат болып табылады. Бұл құжат Дала заңдары мен әдет-ғұрыптарының жиыны болып Семей облысының уезінде жүзден астам би қатысып қабылданған болатын.

  Круглый стол музей Абая 4Қазіргі таңда, Қазақстанда екі жақты татуластыруға арналған медиация рәсімі қарастырылған. Модератор Р.Ақпар татуластыру мен келісімге келу Қазақстанда ежелден қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Екі жақты татуластыру – кез келген даудың түйінін шешетін тәсіл. Бұндай жағдай, әсіресе, билердің екі жақтың дау-дамайын шешуде, екі жақты татуластыруда кеңінен қолданылған.

  Баяндамашылар  қазіргі заманда медиацияны азаматтық, еңбек, отбасылық дауларда, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуыменКруглый стол в музей Абая 3 болатын басқа да құқықтық қатынастарда   қолдануда, қылмыстық сот өндірісі барысында өткізілетін медиация рәсімінің шарттары мен ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.

  Онда кәсіби медиаторлар өз тәжірибесін ортаға салды. Шара еркін пікір алмасу түрінде өтті және бұл тақырып қатысушыларға ұлы ақын мұражайының қызметкерлері ғана емес, азамат ретінде де қызықты болды.

  «Дөңгелек үстел» басындағы әңгімені Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Б.Ж.Жүнісбеков қорытындылады.