АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ МҰҚАҒАЛИДЫҢ АБАЙҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢІ 04.04.2019 15:33

 DSC_0001 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» - деп ұлы тұлғаларымыздың DSC_0002 есімдерін атап көрсеткен болатын.

  Қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, қазақ поэзиясын әлемге танытқан қазақтың бас ақыны бүгінде халқымыздың жүрегінде, тіпті, көз алдында жүр десек те артық болмайды. Себебі, күнтізбеге қараған көпшілік енді оның беттерінен Хакім Абайды көре алады.

  Біздің қолымыздағы күнтізбеде данышпан ақынның тұлғасы бейнеленген. Сурет авторы – Ж.Қайрамбаев.

  Күнтізбе мұзбалақ ақын Мұқағалидың шығармашылығына құрыла отырып, жылдың әр айы дала данышпандарының есімдерімен айшықталған.  Әсіресе, М.Мақатаевтың өлеңдері күнтізбенің маңызын арттыра DSC_0004 түседі.

  Сондай-ақ, күнтізбедегі Мұқағалидың «Қазақ әдебиеті» газетінің 1965 жылғы 13 тамыздағы санында жарияланған, бірақ ақынның жыр жинақтары енбеген, Абай туралы «Дала данышпаны» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.