АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ БАҒЫ – СЕМЕЙДІҢ САЯЛЫ ТӨРІ 10.05.2017 12:42

  DSC_0039Қаланы көркейту, санитарлық тазалау, көгалдандыру мақсатында Семейде сәуір-мамыр айларында жалпықалалық сенбіліктер өткізілді.

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы қаламызды таза ұстауға шақырған бұл шараға біркісідей атсалысты. 15 сәуір күні музей қызметкерлері өздеріне жүктелген Интернационал көшесі, Дулатов көшесі мен Ленин көшелерінің қиылысындағы музей аумағын тазарту жұмыстарын өткізді.  Бұл күні қызметкерлер құрал-саймандарымен ғимарат маңындаDSC_0011 қыстан қалған қалған қоқыстарды жиыстырып, ауланың іші-сыртын тазартты.

  Қалыптасқан дәстүр бойынша 22 сәуір күні өткен соңғы сенбілікте музей ұжымы өздеріне бекітілген Бозтаев көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іске білек сыбана кіріскен музей қызметкерлері көше жиегін сыпыру, жол жиектері мен ағаш түптерін ақтау жұмыстарын жүргізді.

  Еліміздің әрбір азаматы қоршаған ортаны таза ұстауға, туған өлкені көгалдандыруға өз үлесін қосуы тиіс. Осы мақсатта 5 мамыр күні музей ауласына жас ағаштардың көшеттері егілді. Былтырғы 2016 жылы 50 түп, DSC_0021биылғы жылы бас музей ауласына 25, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейі маңына 25 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде шырша, емен, қарағай, қайың талдарының көшеттері.

  Қаламыз жылдан-жылға тазарып, көріктеніп келеді. Ұлы ақын музейі ұжымының тазалыққа барынша мән беріп, бұл істе алдағы уақытта да белсенділік көрсететіні сөзсіз.