АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ АРМАНЫ – ЕЛБАСЫ ЖҮРЕГІНДЕ» 04.07.2019 17:02

  DSC_0033 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері атқарған қызметіне орай «Абай арманы – Елбасы жүрегінде» тақырыбындағы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

  Шараға Семей қаласында орналасқан мәдениет және өнер мекемелерініңDSC_0042 қызметкерлері мен музейдегі көрме залдарымен танысуға келген меймандар қатысты.

  «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» - деген ұстаныммен еліне қызмет еткен Елбасыға арналған көрмеде Қазақ елінің Тұңғыш Президенті қасиетті мекен Шыңғыстау өңірінің DSC_0046 ұлы тұлғалары Абай, Шәкәрім, Мұхтардың рухына тағзым етіп келуі сәттері, Абыз ақын Шәкір Әбенұлынан бата алуы, Астана қаласының бой көтеруі мен әлем жұртшылығына танылуы және Елбасы жолы мен Тәуелсіздік тарихы қамтылды.

   Сонымен қатар, Абайдың 150 жылдық мерейтойындағы Елбасының «Зерде» кітабына қолтаңба қалдыру сәті, «Абай энциклопедиясы», «Абай тойы», «Абай елі», Елбасының «Жылдар мен ойлар», «Жүз жылға татитын он жыл», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде»  және тағы басқа кітаптар мен ұлы ақын музейіне келген сапарларындағы фотосуреттері, музейге берген тартулары көрермен назарына ұсынылды.