АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙ ҰЛАҒАТЫ – ӘЛЕМ НАЗАРЫНДА» КӨРМЕСІ 09.07.2019 10:35

9  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде «Еуразия астаналарының қаламгерлері» тақырыбында жиырмадан аса мемлекеттің ақын-жазушылары бас қосқан2 халықаралық форумда Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай ұлағаты – Әлем назарында» көрмесі таныстырылды.

  Көрмеге Хакім Абайдың әлем тілдеріне аударылған еңбектерімен қатар ақынның өзі тапсырған (сыбызғы, үш ішекті домбыра, құрсаулы 3 кесе, шыныаяққап) және тағы басқа құнды жәдігерлер де қойылды. Форумға қатысушы қаламгерлер қазақтың бас ақынын, оның шығармашылығын жақсы білсе де, ұлы ақын алақанының табы қалған жәдігерлермен танысып, аталған көрмені ұйымдастырып отырған Абай музейінің басшылығы6 мен қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес Абайдың өлеңдерін 7 қырғыз тіліне аударып шыққан бауырлас еліміздің ақыны Перизат Алмазоваға «Абай» медалін табыстады.