АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙТАНУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР 15.01.2020 16:59

82548213_803205066820595_4468770689595211776_n     15 қаңтар күні қаламыздағы Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Мектепте абайтану82860705_803205096820592_4239631981035388928_n курсын оқыту мәселелері" атты семинар өткізілді.
   Семинарда арнайы сөз алған мектеп директоры Б.Құрманғалиева "Абай тағылымы", Абай музейінің директоры Ж.Әубәкір "Абайдың шығармашылығына және ақындық мектебі", Абай кітапханасының қызметкері О.Кайсина "Абай және кітапхана", Л.Қадырова "Абай 82954603_803205150153920_8066185135801761792_n ұрпақтары" тақырыптарында баяндамаларды оқып, Абайдың ақындық дәстүрі, Абай музейіндегі құнды жәдігерлер бойынша ақпарат берді.
   Сонымен қатар, семинар барысында «Абайтану» оқулығының авторы, филология82954603_803205150153920_8066185135801761792_n ғылымдарының кандидаты Ж.Әубәкір 9 сынып оқушыларымен кездесіп, Абай шығармаларын оқу мен түсіну турасындағы пікірімен бөлісті.
Семинарға қатысушы ұстаздар мен аталған мектептің оқушылары «Адамзаттың 82580958_803205566820545_4434766643238797312_n Абайы» көрмесімен танысып, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған экскурсияны тамашалады.