АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙДЫҢ «ЕСКЕНДІР» ПОЭМАСЫ САХНАЛАНДЫ 24.10.2019 17:38

74164286_730304577443978_133817252364419072_n    24 қазан күні Абайдың қорық-музейінде Шәкәрім университетінің Агротехникалық колледж оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен Абай 74235600_730304797443956_8461507214354415616_n Құнанбайұлының175 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.
   Шара барысында колледж студенттері Абай музейінің экспозициялық көрме залдарымен танысып, ұлылар мекенінде өмірге келген қазақ елінің ірі тұлғаларының ғұмыр жолы мен тарихымыздан алатын орны туралы деректерге қанықты.
74217872_730304907443945_3946897773328072704_n    Сонымен қатар, ұлы ақын Абайдың мерейтойы аясында ұйымдастырылған шарада студенттер Абай шығармаларынан үзінділер оқып, хакімнің «Ескендір» поэмасы бойынша театрландырылған көріністі көрермендер назарына ұсынды.