АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ БІЛІМ ОРДАСЫНДА 12.11.2019 13:57

74643658_745533932587709_5112719658885054464_n   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «Абай – ұлылық символы» 76965794_745534002587702_7769527930736082944_n жылжымалы көрмесі өткізіліп, «Абай әлемі» тақырыбында дәріс оқылып және «Тарих. Тағдыр. Тұлға. Абай» деректі фильмі студенттер назарына ұсынылды.
  Аталған шара барысында ұлы ақынның өмірбаянына шолу жасалып, ұлттың ертеңі үшін қайраткерлікпен жанын сала қызмет еткен 74492522_745534055921030_1138134228559462400_n ақынның қоғамдық қызметі, хакімнің ұрпаққа қалдырған асыл мұрасы жайында әңгіме қозғалып, балалықтан даналық сатыға көтерілген ұлы ақынның шығармашылығы хақында мағлұматтар берілді.
  Шара соңында білім ордасының ұстаздары мен болашақ мамандардың атынан колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі меңгерушісі Б.Жанұзаққызы алғысын жеткізіп, алдағы уақытта да рухани және шығармашылық байланыста болуға тілектестік білдірді.