АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ШАҢЫРАҒЫНДА "ДАРИҒА-АЙ" 23.09.2019 17:29

 71397790_705989246542178_2134478237919608832_n  Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Дариға-ай» жастар театрының 20 жылдық мерейтойына орай «Абай музейі шаңырағында тұсауы кесілген театр» атты әдеби сыр-сұхбат кеші өтті. 
   Қазақстан театрларының ішінде өз беделі мен сара жолын қалыптастырған, үнемі шығармашылық ізденісте, заман талабына сай қадамдары көш ілгері театр – 71083175_705989013208868_1071549153001078784_n «Дариға-ай» жастар театры. Ұжым көптеген халықаралық, республикалық театр фестивальдарының жеңімпаздары. 
  Абай музейі мен «Дариға-ай» жастар театры арасында үлкен шығармашылық байланыс орнаған. Музей ұйымдастырған шараларға үнемі келіп, өнерлерін көрсетеді. Атап айтсақ: Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» кітабының тұсаукесері, Ж.Кәрменовтің шығармашылық кеші, Абайдың 170 жылдық 71305923_705988919875544_3421958241821655040_n мерейтойы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің 75 жылдық мерейтойында, «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» тағы басқа әдеби-танымдық, сазды кештер және театр актерлері музейде өткізілетін «Абайды оқы, таңырқа», «Мұхтар мұрасы – адамзат байлығы» сайыстарға әділқазы мүшесі ретінде қатысып келеді. 

   Кешке «Дариға-ай» жастар театрының ұжымы және мәдениет қызметкерлері мен 70748622_705989459875490_5529996158555914240_n студенттер қатысты. Кеш музей директоры Ж.Әубәкірдің құттықтау сөзімен басталды. Сыр-сұхбат кешінде «Дариға-ай» жастар театрының 20 жыл ішіндегі жетістіктері мен театр репертуары, театрдағы қызықты жағдайлар жайлы театр директоры А.Бахтинов, әдеби бөлім жетекшісі Г.Құдайбергенова, режиссер Ж.Жұманбай, Сахна тілі маманы М.Алепарова мен театр актерлары сұхбат беріп, ойларымен бөлісті.
  Кеш соңында қонақтар «Дариға-ай» жастар театрының музейдегі кештерінен, спектакльдерінен ұйымдастырылған фотокөрмені тамашалады.