АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ ОҚУЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР СЕМЕЙДЕГІ АҚЫН МУЗЕЙІНДЕ 27.08.2019 16:48

69404717_687913898349713_6252652963345465344_n   26 тамыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасындағы ХХ69560430_687913845016385_5970911733022195712_n Республикалық Абай оқуларларына қатысушыларға арналған салтанатты жиын өтті. 
   Ұлы дала елінің ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының ұлағатты сөздері – халқымыздың мәңгілік рухани азығы, баға жетпес асылы. Ұлы бабамызды ұлықтау, ұрпаққа қалдырған ұлағатын ұмытпау – біз үшін қасиетті парыз. 69186096_687913828349720_5538309402764771328_n (1) Ғұмырын, шығармашылығын еліне арнаған Абай – қазақ халқының ұлы ұстазы, тәрбиешісі. Әр сөзі ақыл мен нақыл, мақал мен мәтелге айналған өлмес мұра қалдырған адамзаттың Абайы. 
  Салтанатты жиын Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің69169847_687914495016320_8193894691268198400_n директоры Ж.Әубәкір мен Семей қаласы Білім бөлімінің орынбасары Г.Оразбекованың алғы сөздерімен ашылды. 
  ХХ республикалық Абай оқуларына еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден аса оқушылар қатысып жатыр. Бұл өткізіліп отырған сайыстың мақсаты да Абай және 68961238_687913918349711_8940479016561803264_n Шәкәрім мұраларын кеңірек дәріптеп, жас өрендердің бойында елжандылық қасиетті дәріптеу болып табылады. 
   Еліміздің барлық облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласынан келген қатысушылар ақын музейін тамашалады.